27.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Жастар Испаниядағы Әлем чемпионатында 7 жүлдемен 3-орын алды
Испанияның Ла-Нусия қаласында жастар арасында бокстан XXII Әлем чемпионаты өтті. Барлық 25 салмақта (ерлер 13, әйелдер 12) боксшы апарған Қазақстан құрамасы нәтижесінде 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальге қол жеткізіп, Англия екеуі үздік үштікті түйіндеді.
Қос чемпион да әйелдер арасынан шықты. Элина Базарова (54 кг дейін) финалда германиялық Крисоваланту Кутсохристуды, ал Бақыт Сейдіш тағы бір германиялық Карлотта Шенеманнды таза ұтты.
Өкінішке қарай Ciudad Deportiva Camilo Cano арена біздің ерлер үшін сәтті болмады. Ақтық сында жұдырықтасқан Нұрбек Мұрсал (67 кг дейін) өзбекстандық Джавохир Умматалиевтен, сосын Дәулет Төлемісов (75 кг дейін) тағы бір өзбекстандық Турабек Хабибуллаевтан жеңіліп қалды.
Қазақстандықтар арасында Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Әсем Таңатар (63 кг) мен Әсел Тоқтасын (+81 кг) қола жүлдеге ие болды.
Жалпы есепте Өзбекстан бірінші (5 алтын, 3 күміс, 2 қола), Үндістан екінші (4 алтын, 3 күміс пен 4 қола) орын алды. Испанияда барлығы 38 мемлекеттің өкілі жүлдеге қол жеткізді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ