05.12.2024 | 15:57

ЖАЗИРА ОРАҚБАЕВА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАРСЫЛАСЫН АЛҒАШҚЫ РАУНДТА ЖЕҢДІ

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама өкілі келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында 52 кг дейінгі салмақтағы Жазира Орақбаева  ширек финалда Тайпей өкілі Ю-Тинь Луомен кездесті. Бірінші раундта-ақ отандасымыздың ауыр соққыларынан кейін төреші қарсыласқа екі мәрте есеп ашып, жекпе-жекті тоқтатты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес