24.04.2024 | 16:38

Әйелдер құрамасы Әлем Кубогында алғаш рет жүлде жеңіп алды

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айжан Сейдахметова, Адель Жексенбинова мен Виктория Лян үштігі құралмалы садақтан (compound) жүлде үшін кездесуде Эстония мергендерінен басым түсті. Есеп: 231-224.

Осылайша, біздің команда айтулы нәтижеге қол жеткізді. Осыған дейін әйелдер құрамасы Әлем Кубогында тұғыр сатысына көтеріле алмай келген.

Айта кетейік, кеше Ұлттық құрама ширек финалда көшбасшылардың бірі Оңтүстік Кореядан басым түсіп (234-230), жартылай финалда Италияға бір ұпай айырмасымен есе жіберді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес