Жаңалықтар
  • Қазақстан тұңғыш рет парадзюдодан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды 19/11/2018

      16-18 қараша аралығында Партугалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатында отандасымыз Олжас Оразалыұлы қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуанымыз 18 жасында әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсекеде спортшымыз Испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жап...

  • Латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылды 16/11/2018

      Бүгін елімізде тұңғыш рет латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылды. Елорда тұрғындары, барлық жоғарғы және орта  арнаулы оқу орындары, сонымен қатар мәдениет, спорт, медицина, коммуналдық шаруашылық, энергетика және басқа да салалардың қызметкерлері жаппай диктант жазды. Бас қаламыздың «Ұлтты...

  • Жансая Әбдумәлік Әлем чемпионатының екі айналымынан кейін 1:1 есебімен тең ойын ойнайды 14/11/2018

    Сайыстың бірінші кезеңі бойынша Жансая мен Мария  ойынында отандасымыз қарсыласын 1:0 есебімен ұтты. Ал екінші кезеңде 0:1 мен есе жіберді. Енді жартылай финал «тағдыры» ертеңгі тай-брейкте шешілетін болады. Естеріңізге сала кетсек бұған дейінгі ойындарда шахматшы қыздарымыз Динара Садвакасова Болгария елінен Антуанетте Стефанова...

  • Жауынгерлік самбодан ел құрамасы әлем чемпионатында үшінші орынды иеленді 13/11/2018

           8-12 қараша аралығында Румынияның Бухарест қаласында жауынгерлік самбодан және самбодан ерлер мен әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Самбоның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа 80 нен астам елдің спортшылары қатысты.      Дүбірлі додада ел құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлд...

  • Министрліктің жаңалықтары
    ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ 09/11/2018

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді. Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық...

  • Пауэрлифтинг: Ануар Улан Әлем чемпионатының қола жүлде иегері 08/11/2018

            Швецияның Халмштад қаласында4-қараша күні жалауын көтерген пауэрлифтингтенӘлем чемпионаты жалғасуда. Ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан сайысқа 30 мемлекеттен 200 ауыр атлетші қатысуда. Байрақты бәсекеде ел намысын Ануар Улан қорғады.  83 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз жүлделі 3-орынды...

  • Қазақстандық қол күрес шеберлері Түркиядан жүлдемен оралды 07/11/2018

         12-21 қазан аралығында Түркияның Анталия қаласында қол күрестен әлем чемпионаты өтті. Жарыста әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 1300-ге тарта спортшы бәсекеге түсті. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 6 күміс, 8 қола жүлдені жеңіп алып, командалық есепте  екінші орынды иеленді. Білектің күшімен қарсыластарын ойсырата жеңіп, алт...

  • Черлидинг:KAZAKHSTAN OPEN 2018 ашық турнирі өтті 06/11/2018

        3-4 қараша күндері Астана қаласы «Бейбітшілік  және келсім» сарайында черлидинг және чир спортынан Қазақстан Республикасының ресми чемпионаты және Халықаралық  KAZAKHSTAN OPEN 2018 ашық турнирі өтті.  Турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларус мемлекетінен 400 ден аса спортшы қатысты. ...

  • Каратэ-до кекушинкай KWF- тан екінші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті 05/11/2018

        3-4 қараша аралығында елордадағы  «Дәулет» спорт кешенінде Каратэ-до кекушинкай KWF- тан екінші әлем чемпионаты және жастар мен жасөспірімдер арасында әлемдік Гран-при турнирі өтті.    Айтулы шараның салтанатты ашылу рәсімі қарашаның 4-і күні орын алды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министірлігі С...

  • Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұлықтау рәсімі өтті 02/11/2018

       Бүгін Паралимпиада орталығында Индонезияның Джакарта қаласында өткен III Пара Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін ұлықтау шарасы өтті. Биылғы жылы елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен ашылған орталықта спортшыларға құрмет көрсетілді. Спортшыларды ұлықтау рәсіміне Мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ұлтты...

  • Эстетикалық гимнастика: «Кербез»- халықарлық турнирдің қола жүлдегері 29/10/2018

         Қазан айының 25-28 аралығында Франция қаласының Обонн провинциясында эстетикалық гимнастикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем кубогінің III кезеңі және  «AGG LouvresCup I Open»  халықарлық турнирі өтті. Ел құрамасының қатарында  8-10 жас аралығында Астана қаласынан «Мадагаскар&ra...

  • Жемқорлықпен күресті өзіңнен баста 23/10/2018

         Қазіргі таңда қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. Кез-келген мемлекеттің даму жолында басты кедергі болып табылатын жемқорлықтың тамырын жайып, тоқтамай тұрғаны бәрімізге белгілі. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бi...

  • Тамыры терең ұлттық спорт-құсбегілер сайысы өтті 22/10/2018

       Астана қаласының маңында бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы Халықарлық бүркітшілер байқауы өтті. Дәстүрлі түрде осымен төртінші рет ту көтерген байқауға еліміздің он облысымен қатар, Моңғолия мемлекетінің бүркітшілері қатысты. Екі күнге созылған турнир өз мәресіне жетті. Отыз бүркітшінің ішінен үзік деп танылған 10-ы ақтық мәрег...

  • Сейдахмет Бердіқұловтың жүлдесіне байқау жарияланады 22/10/2018

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті белгілі спорт журналисті, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловтың жүлдесіне спорт тақырыбын өздерінің жұмыстарына арқау етіп жүрген Қазақстанның БАҚ журналистері арасында жыл сайынғы байқауын жариялайды. Жүлде спорт тақырыбындағы ...

  • Владимир Валентинович Мудриченконың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтамыз 17/10/2018

    «Спортты дамыту дирекциясы» және ҚР Желкенді спорт федерациясы Алматы облысы, Қапшағай қаласы бойынша желкенді спорттың жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Владимир Валентинович Мудриченконың өмірден өтуіне байланысты, жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Мудриченко Владимир Валентинович 1960- жылы қараша айының 16 –шы жұл...

  • Кэкушинкай каратэ: Спортшыларымыз Еуропаның XI ашық чемпионатының жеңімпазы 16/10/2018

    6-7 қазан  аралығында Швецияның Гетеборг қаласында кекушинкай каратэдан Еуропаның XI ашық чемпионаты өтті. Еліміздің намысын Кекушинкай каратэ ұйымы ұлттық құрамасының каратэшілері қорғады. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде споршыларымыздың асығы алшысынан түсті. Ерлер арасында болған сайыста Тимур Райымбеков- 1 орын, Толыбай Асылбе...

  • Тбилисиде самбодан әлем чемпионаты өтті 15/10/2018

    Грузия астанасы Тбилисиде жастар мен жасөспірімдер және қыздар арасында самбодан  әлем чемпионаты өтті. 30 аса мемлекет қатысқан байрақты бәсекеде  еліміз  1 алтын, 7 күміс, 8 қола  жүлдені иеленді. Ел құрамасы ерлер арасында командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.  Бірінші орында – Ресей спортшылары,  ал ек...

  • Киокушинкай-кан каратэдан ҚР чемпионаты аяқталды. 12/10/2018

       12 қазанда Қазақстан Республикасының киокушинкай-кан каратэдан чемпионаты аяқталды. Тарихы терең Тараз қаласында өткен чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300 ден аса спортшы жиналды. Сайыс кумитэ және ката ережелері бойынша өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына ҚР мәдениет және спорт министірлігі  спорт және дене шынықтыру ком...

  • Волейболшыларымыз қоржынымызға қола жүлде салды 11/10/2018

    Джакартада өтіп жатқан III  Пара Азия ойындарында ел құрамасы отырып ойнайтын волейболдан Ирактың спортшыларын ойсырата жеңді. Үшінші орын үшін өткен сайыстың үш кезеңінде де Қазақстан құрамасы айқын басымдылық көресетті. Ел құрамасы  Индонезиялық волейболшылармен болған кездесуде де шеберлік танытты. Алаң қожайындарын 3:0 есебімен ұтып...

  • Мергендеріміз жүзден жүйрік атанды 09/10/2018

      Қазан айының 3-9 аралығында Оңтүстік Кореяның Сокчхо қаласында  спорттың дәстүрлі түрі Жамбы атудан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 23 мемлекеттен 60 тан астам мергендер қатысты.  Сайыс қорытындысы бойынша ел спортшылары жалпы командалық есепте жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.  Ат үстінде отырып садақ атуда ел намысын...

  • III Пара Азия ойындарының ашылу рәсімі өтті 08/10/2018

    III Пара Азия ойындарының ашылу рәсімі Индонезияның Джакарта қаласындағы «Gelora Bung Karno»  стадионында  өтті. Салтанатты шарада көк байрағымызды жүзуден Пара Азия ойындарының бес дүркін чемпионы Әнуар Ахметов алып жүрді. Джакартада өтетін пара ойындарға 43 мемлекеттен 3000 нан астам спортшы қатысуда. Аталмыш додада Қазақ...

  • III Пара Азия ойындарына ел құрамасын шығарып салу рәсімі өтті 29/09/2018

      Бүгін Алматыдағы  Б. Шолақ атындағы спорт сарайында  Индонезияның Джакарта қаласында өтетін III Пара Азия ойындарына ел құрамасын шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға спортшылар, жаттықтырушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.  Мәдениет және спорт министірлігінің, Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерғалиев Самат...

  • Шахматшыларымыз Олимпиаданы жеңіспен бастады 24/09/2018

    Грузияның Батуми қаласында шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 43-і олимпиада өтуде. Еліміздің намысын қорғайтындар  Ринат Жұмабаев (2605 ұпайы ), Ануар Исмагамбетов (2538) , Муртас Қажыгалиев (2582), Петр Костенко (2459), Денис Махнев (2449). Әйелдер арасында  Қазақстан атынан Динара Садвакасова (2474 ұпайы), Жансая Әбдумәлік (248...

  • Асық атудан Халықаралық турнир өтті 17/09/2018

    13-16 қыркүйек аралығында асық атудан  Кейкі батырды еске алу турнирі өтті. Ұлттық ойынымызды дәріптеген сайысқа жалпы саны 6 команда қатысты. Олар Монғолия елі,  Қостанай және Ақмола облыстары , Амангелді ауданы мен Астана қаласының екі командасы. 3 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша елордалық «Жігер»  спорт клубы&n...

  • ҚР ұлттық құрамасы III Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында II орын алды 10/09/2018

    Чолпон-Ата – 8 қыркүйекте Қырғызстанда (Чолпон-Ата қ) III Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аяқталды. Соңғы күні ел қоржынына екі алтын, бір қола медаль түсті.  Овари ойынының (африкалық ұлттық ойын) қыздар командасы алтынды иеленсе, Әсел Далиева жекелей есепте де алтын медаль алды. Айта кетейік, бұл Әселдің осы жарыстағы төртінш...

  • Жакартадағы Жазғы Азия ойындарында Қазақстан байрағы көтерілді 16/08/2018

    Бүгін Астана уақытымен 11:15-те Азия ойындары қарсаңында салтанатты түрде Қазақстан байрағын көтеру рәсімі өтті. Жарыстың ресми ашылу салтанаты 18 тамыз күні өтеді. Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Жакарта Палембанг қалаларында өтеді. 

  • Құттықтаймыз! 15/08/2018

    Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедилұлы спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты құттықтау шарасын өткізді.  Еліміздің спорт және дене шынықтыру саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Дзюдодан ҚР ...

  • "Спорт күні" кәсіби мерекесін мерекелеуге арналған турнир өтеді 14/08/2018

    Қазақстанда әр жылдың 3-ші жексенбісінде Спорт саласының қзыметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланады. Биыл бұл күн 19 тамызға тұспа-тұс келіп тұр. Осы орайда 18  тамыз күні  мемлдекеттік қызметкерлер арасында спорттың 4 түрі бойынша жарыс өтпек. Жарысқа қызығушылық танытып, спорт мерекесін бізбен бірге тойлаймын деушілерге есік ашық. Жарыст...

  • Ақтөбе қаласында есту қабілеті төмен жандар арасындағы Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті 13/08/2018

    Бүгін 13 тамыз күні Ақтөбе қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында Қазақстан Ресупбликасы Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.  Аталған жарыста спорттың 10 түрінен 111 медаль сарапқа салынбақ. Ел сурдоспортының даму көрсеткіші болатын бұл жарыста төмендегі спорт түрлері бойынша спортшыларымыз сынға түседі: жүзу, жеңіл атлетика, шахм...

  • Азия ойындарына "ҰШК ж СРД" делегаттары тізімі 10/08/2018

    Индонезияның Джакарта қаласында өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына Қазақстан құрамасы 600 адаммен аттанбақ. Сарықұрлықтың басты бәсекесінде олимпиадалық спорт түрлерімен қатар, Олимпиада ойындарының бағдалрамасына енбейтін боулинг, джиу-джитсу, кураш, самбо күресі, ушу сынды спорт түрлерінен де медальдар сарапқа салынбақ. «Ұлттық штаттық к...

  • ДЕНИС ТЕННІҢ МЕЗГІЛСІЗ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ 20/07/2018

    «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» ұжымы мәнерлеп сырғанаушы, Сочи-2014 Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Өмірбаяны.  Тен Денис Юрий ұлы 1993 жылдың 13 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. Кореяда...

  • «Алакөл-2018» Дуатлоннан Республикалық жарыс басталады 05/07/2018

    13 шілде Алматы облысы, Алакөл ауданында дуатлоннан «Алакөл-2018» Республикалық жарысы өтеді. Жарысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі бірлесе ұйымдастырады. Бұл жарыстың негізгі мақсаты -  салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорт пен ішкі туризімнің дамуына үлес...

  • Қазақ батырлары әлемнің үздік спортшыларымен татамиге шығады 04/07/2018

    4 шілде сағ 12.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде (Мәңгілік ел к, 8, 15 кіре беріс) Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев Кекушинкай каратэ бүкілқазақстандық ұйымының негізін салушы Таджымұрат  Найзабековті, Кекушинкай каратэ Бүкіләлемдік Одағының Президенті Табата Шигеру мен Кекушинкай каратэ Бүкі...

  • Республиканские соревнования по дуатлону «Алаколь-2018» 03/07/2018

    13 июля 2018 года,  в селе Акши, Алакольского района, Алматинской области стартуют Республиканские соревнования по дуатлону «Алаколь-2018». Организаторы соревнований: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан, Акимат Алматинской области. Соревнования по дуатлону проводятся в целях пропаганды здорового образа жизни, ...

  • Қызылордалық «Ақмешіт» командасы Сейдахмет Бердіқұлов турнирінің жеңімпазы! 30/06/2018

    30 маусым сағ 19.00-де  «Сарыарқа» велотрегінде ҚР БАҚ арасында белгілі спорт журналисті, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футболдан жыл сайынғы, республикалық турнир өтті.  Биыл турнирге 19 команда қатысуға ниет білдірді, олардың қатарында өңірлік БАҚ да бар. Турнирдің жеңімпазы Сыр өңіріне...

  • Қазақстан жастары күрес түрлерінен Әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды 14/06/2018

    Бұл күндері Ресейдің Владимир қаласында құлағында мүкісі бар спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен 3-ші Әлем біріншілігі мен 5-ші Әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні сынға түскен Қазақстан жастары 6 жүлдеге ие болды. Қазақстан сапында Әлем чемпионатының күміс жүлдесін 80 келіге дейінгі салмақта Амангелді Нұргелді мен 92 келіг...

  • Астанада киокушинкай-кан каратэден Азия Чемпионаты өтеді 11/06/2018

    2018 жылдың 16-17 маусым күндері «Дәулет» спорткомбинатында, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай  киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кіші жастағы қыздар, ерлер  және әйелдер арасында    Ашық Азия Чемпионаты өтеді. Бұл Чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша  12 жастан  жоғары&nbs...

  • Турнирге өтінімдер қабылдаймыз! 04/06/2018

    Турнирге өтінімдер қабылдаймыз! Астана- 30 маусым сағ.10.00-де Сарыарқа велотрегінде (Қабанбай батыр, даңғылы, 42)  Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған мини-футболдан республикалық турнир өтеді. Осыған орай, Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті осы турнирге қатысқысы келетін командалардан өтінімдер қабылдауды бастайды. Сондай...

  • Қазақстандықтар пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында 27 медаль иеленді 22/05/2018

    14-20 мамыр аралығында Финляндияның Хльсинки қаласында пауэрлифтингтен шалқалай жатып көтеру бойынша Әлем чемионаты өтті. Аталған сында Қазақстан намысын 39 спортшы қорғап, оның 26-сы жүлделі орындарға ие болды.  Спортшыларымыз 12 алтын, 12 күміс, 3 қола жүлдені жеңіп алып жалпыкомандалық есепте ерлер құрамасы 1-орынға ие болса, ә...

  • Әлем чемпионатында қазақстандық муайтай шеберлері 7 медаль иеленді 21/05/2018

    Мексиканың Канкун қаласына 10-20 мамыр аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен муайтай шеберлері жиналды. Әлемнің 77 елінен келген 800-ден аса спортшы Әлем чемпионаты медаліне таласты. Қазақстан құрамасы  атынан аталған жарысқа 13 спортшы қатысып, 7 медалді иеленді. Күміс медальді 51 келіге дейінгі салмақта  Еламан Саясатов Қазақстан қорж...

  • Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты аяқталды 21/05/2018

    Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігі, ҚР тоғызқұмалақ қауымдастығы, ОҚО дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 2018 жылдың 14-20 мамыр аралығында тоғызғұмалақтан ҚР əйелдер арасындағы командалық чемпионаты өтті. Жарысқа Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақ...

  • Триатлон жұлдыздары Астанада 17/05/2018

    17 мамыр сағ 14.00-де «Astana Music Hall» (Бауыржана Момышұлы к, 1) м/ж бойынша Астананың 20-жылдығы аясында ұйымдастырылған  триатлоннан «ITU World Cup Astana 2018» әлем кубогі кезеңіне арналған баспасөз-конференциясы өтті. Шараға әлемдік рейтинг көшбасшылары келді: Дмитрий Гааг (Қазахстан), Мин Хо Хе...

  • Азияның регбишылары Алматыда ең мықтыны анықтайды 15/05/2018

     15-19 мамыр аралығында ҚР Тұңғыш Президенті Қорының спорттық жаттығу кешені аумағында (Абай 159 – Розыбакиев к қиылысы), ерлер командалары арасында регбиден Азия Чемпионаты-15 өтеді.   Регбиден Азия Чемпионатының басталуына орай ұйымдастырылатын баспасөз-конференциясына шақырамыз. 16 мамыр, сағ 11.00-де, «Ramada Plaza&r...

  • Шавкат Рахмонов "Көшпенділер шайқасы-10» чемпиондық атағын жеңіп алды 12/05/2018

    12 мамырда Астананың 20 жылдығына орай мерейтойлық халықаралық «BATTLE OF NOMADS-10» кәсіби турнирі өтті. Аталған кештің бас жекпе-жегінде еліміздің танымал майталманы, Қазақстаннан шыққан ММА бойынша тұнғыш Азия мен әлем чемпионы, жеңіліс көрмеген Шавқат «НОМАД» Рахмонов пен Тәжікістан елінің мақтанышы, «АХМАТ&r...

  • Ақтөбеде джиу-джистудан ҚР Кубогы өтті 07/05/2018

    3-6 мамыр аралығында Ақтобе қаласында Джиу-Джитсудан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. ⠀ Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық спортшылар бақтарын сынаған додада 11 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем, Азия біріншілігінің жүлдегерлері қатысты. Бұл ҚР Кубогы спортшыларымыз үшін Азия чемпионатының алдындағы бір ба...

  • Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған шағын футболдан турнир өтті 05/05/2018

    Бүгін "Олимп" каратэ орталығында шағын футболдан Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған шығын футболдан турнир өтті. Аталған жарысқа Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдар мен Нұр-Отан партиясы атынан 4 команда қатысты. Алғашқы жартылай  финалда "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дире...

  • Баспасөз-хабарламасы 03/05/2018

    Баспасөз-хабарламасы Отан Қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шағын футбол турниріне шақыру 5 мамыр күні, Астана қаласы Түрікстан көшесі 8/3, «Олимп» каратэ орталығында Отан Қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шағын футбол турнирі өтеді. Аталған жарысқа Спорт және дене шынықтыру істері комитеті...

  • 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз 01/05/2018

    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!   Ізгі тілекпен, Самат Ерғалиев "Ұлттық штаттық командалар ...

  • Көшпенділер шайқасы-10» кешінің басты жекпе-жегін Әлем чемпионы Шавкат Рахмонов өткізеді 28/04/2018

    9-12 мамырда Астананың 20 жылдығына орай мерейтойлық халықаралық «BATTLE OF NOMADS-10» кәсіби турнирі өтеді. «Көшпенділер шайқасы» халықаралық турнирі аясында алғаш рет,  ең жеңіл 61,2 кг салмақта Гран-при сарапқа салынады. 8 спортшы күн сайын финалға шығу үшін күш сынасады.  «BATTLE OF NOMADS-10&raq...

  • Поздравляем с Праздником 1 Мая - Днем Единства Народов Казахстана! 28/04/2018

    Уважаемые Казхстанцы, позвольте поздравить вас с наступающим днем 1 мая – днем единства народов Казахстана. Все успехи и достижения независимого Казахстана — это, прежде всего, результат великой и нерушимой дружбы всех казахстанцев независимо от их национальной и религиозной принадлежности. Благодаря единству мы являемся свидетелям...

  • Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы "Grand Slam Paris Open 2018" жарысына аттанды 27/04/2018

    28-30 сəуір аралығында Францияның Париж қаласында жыл сайын өтетін джиу-джитсудан "Grand Slam Paris Open 2018" халықаралық турниріне еліміздің атынан өнер көрсететін Ұлттық құрама мүшелері - ⠀ Неваза-систем бөлімі бойынша: ⠀ 56 кг салмақ дəрежесінде Сейдуали Нұржан Қонысов Қуандық ⠀ 62г салмақ дəрежесінде Нортаев Дархан Жəні...

  • Киокушин-кан каратэден Қазақстан құрамасы Халықаралық турнирге аттанды 26/04/2018

    Суірдің 26-30 күндері Жапонияда киокушин-кан каратэден  халықаралық жарыс өтеді. Аталған сында ел намысын мына спортшылар қорғамақ: Арсен Нагимов, Наркыз Узакбаева, Асылжан Жасбуынов, Алишер Карменов, Темирлан Жанбиек, Нурлыхан Садвакасов, Бекарыс Сураганбек, Анатолий Блинов, Алемгул Сабырхан, Мадина Сауытова, Никита Гарац, Медет Ажибек, Ер...

  • Армрестлингтен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды 23/04/2018

    Щучинск қаласында армрестилнгтен XVII Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтың 13 елінен 400-ден аса спортшы қатысқан байрақты бәсеке жоғары деңгейде өтті. Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1-орынды иеленсе, 2-3 орындарды Қырғызстан мен Өзбекстан құрамалары өзара бөлісті. Аталған жарыста әйелдер арасында 80 келіден жоғары салмақта "Ұлттық ...

  • Жазғы Азия Ойындары - 2018 20/04/2018

    2018 Азия Ойындары ресми Азиада XVIII ретінде белгілі, 18-ші Азия аймақтық мульти-спорттық іс-шара. Ол Индонезияның астанасы Джакартада және Суматра аралының ең үлкен қаласы Палембангте ұйымдастырылуы тиіс және 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында 2018 жылы өткізу жоспарла...

  • Мемлекеттік органдардағы жемқорлықпен күрес шаралары 18/04/2018

    18 сәуір сағ 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ғимаратында (Мәңгілік ел, 8, 15 кіреберіс) спорт және дене шынықтыру саласының мамандарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы  бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық құқық бұз...

  • Қазақстандық спортшылар қазтабанмен жүзу бойынша Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті 16/04/2018

    Сәуір айының 13 мен 15 күндері аралығында Германияның Лейпицг қаласында қазтабанмен жүзу бойынша Әлем кубогының 3-кезеңі өтті. Әлемнің 20 елінен 400-ден аса спортшы қатысқан жарыста, Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Аталған жарыста ел спортшылары 3 алтын, 2 күміс медальды иеленді. Классикалық қазтабанда Егор Макешин 50, 100 және 200 метрл...

  • Қазақстандық акробатшылар Әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды 11/04/2018

    4-10 сәуір аралығында Бельгияның Антверпен қаласында спорттық акробатикадан Әлем чемпионаты өтті. Аталған жарыста сынға түскен Қазақстан құрамасы 1алтын және 1 күміс медалды жеңіп алды. 6 сәуір күні топтық сайыста ; Анатолияй және  Василий Пахандриндер, Иван Пересин, Санжар Садуов бастаған жігіттеріміз күміс медалды жеңіп алд...

  • Қазақстандық жасөспірімдер спорттық акробатикадан ӘЧ күміс жүлдеге ие болды 06/04/2018

    Бұл күндері Бельгияның Антверпен қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттық гимнатискадан Әлем чемпионаты өтуде. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы топтық сайыста жүлдеге ие болды. Анатилоий және Василий Пахандриндер,  Иван Прессин, Санжар Садуов бастаған құрама жігіттері 27.300с ұпай жина...

  • Қазақстандық жұп Әлем чемпионатында 5-орынға ие болды 05/04/2018

    Бельгияның Атнверпен қаласында спорттық акробатикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Аталмыш сында жұптық сайыста ел намысын Руслан Анисимов пен Аделина Закиева жұбы қорғап, 5-орынға ие болды. Әлем чемпионаты. Жұптық сайыс. 1 орын: Ұлыбритания - 28.450 2 орын: Израиль - 27.600 3 орын: Ресей - 27.350 5 о...

  • Бендиден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем чемпионатынында қола жүлдеге ие болды 24/03/2018

    Ресейдің Ульяновск қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында бендиден Әлем чемпионаты аяқталды. Ел намысын қорғаған жігіттеріміз 3-орынға ие болды. Топтық кезеңді іркімлей өтіп, жартылай финалда Швеция құрамасына ұтылғ,ан жігіттеріміз, 3-орын үшін кездесуде Финляндия құрамасын 5-1 есебімен ойсырата жеңді. Ульяновск. Бендиде...

  • Паралимпиада ойындарында шаңғы спортынан эстафеталық жарыстың жеңімпаздары анықталды 18/03/2018

    Паралимпиада ойындарының соңғы күні Пхенчханда шаңғы спортынан эстафета  жарысы аяқталды. Аралас және ашық эстафетада сынға түскен отандастарымыз жүлдеге іліге алмады. Нәтижелер. Аралас эстафета.  1. Украина 2. Канада 3.  Германия 12.  Қазақстан (Қайрат Қанафин, Жаныл Балтабаева) Ашық эстафета. 1...

  • Қысқы Паралимпиада ойындарында шаңғы спортынан жүлдегерлер анықталды 17/03/2018

    Қысқы Паралимпиада ойындарында шаңғы спортынан жүлдегерлер анықталды. Бұл сында Қазақстан намысын Денис Петренко и Сергей Усольцев, Александр Колядин және әйелдер арасындағы сында  Жаныл Балтабаева қорғады.  Пхенчхан. Паралимпиада ойындары-2018. Шаңғы спорты. Нәтижелер. Шаңғы. Ерлер. 10 км.   1. Йошихиро Н...

  • Баспасөз баяны 16/03/2018

    Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы »  РМҚК Қазақстан спорт делегациясын Пхенчханда өткен XII Қысқы Паралимпиада ойындарынан күтіп алу рәсіміне қатысуға шақырамыз. Қазақстан Паралимпиада спорты тарихында алғаш рет ел намысын қорғаған спортшымыз Паралимпиада ойындарының а...

  • Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Паралимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болды 14/03/2018

    1.5 шақырымдық спринт бәсекесінде отандасымыз Александр Колядин қарсыластарынан оқ бойы озып алтын жүлдеге ие болды. Екінші орынды жапондық  Йошихиро Нитта жеңіп алса, үшінші болып канадалық   Марк Арендс мәре сызығын қиды.  Естеріңізге сала кетсе, XII Қысқы ойындар 9 наурыз күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында жалауы...

  • Қазақстандық биатлоншы Пхенчхан Паралимпиадасында ондыққа енді 13/03/2018

    Бүгін Пхенчхандағы Паралимпиадада парабиатлоншылар жарысқа шықты. Қазақстан намысын Сергей Усольцев, Александр Герлич и Қайрат Қанафин қорғады. Ату айлағында 6 қате жіберген Александр Герлиц мәре сызығын 6-болып кесті. Бұл сынға қатысқан өзге отандастарымыз Сергея Усольцева 11 орын, Қайрат Қанафин   Нәтижелер. Ерлер. Отырып ...

  • Александр Герлиц Паралимпиадада 4-орынға ие болды 12/03/2018

    Қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында шаңғы жарысында 4-орынға ие болды. 20 шақырымдық қашықтықты 50 минут 25.7 секундта жүгіріп өткен отандасымыз үздік бестікке еніп Қазақстан Паралимпиада тарихындағы екінші үздік көрсеткішке қол жеткізді. Осы сында екінші бір отандасымыз...

  • Қазақстандық шаңғышылар Пхенчхандағы ойындарда жүлде ала алмады 11/03/2018

    Жарыстың екінші күні Қазақстан намысын Денис Петренко, Сергей Усольцев және Жаныл Балтабаева қорғады. 15 шақырымдық отырып сырғанау бәсекесінде Денис Петренко 12-орынға ие болса, Сергей Усольцев 15-орынмен жарысты аяқтады. Әйелдер арасындағы сында ел намысын қорғаған Жаныл Балтабаева 17-орынға табан тіреді. 

  • Қазақстандық парабиатлоншылар Пхечнхандағы ойындарда жүлдеге ілікпеді 10/03/2018

    Қазақстандық парабиатлоншылар Пхечнхандағы ойындарда жүлдеге ілікпеді. Жарыстың алғашқы күні 7.5 шақырымдық спринт бәсекесінде ел намысын Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Қайрат Қанафин қорғады. Сергей Усольцев  Ел спортшыларының көрсеткен нәтижелері төмендегідей: 7.5 шақырымдық отырып жүгіру. 1 орын: Д.Сноузен (АҚШ) 2 орын: Д.Ло...

  • Джиу-джитсудан Қазақстан жастар құрамасы Әлем чемпионатында 16 медаль жеңіп алды 06/03/2018

    1-5 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында Джиу-джитсудан жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Аталмыш додада ел намысын қорғаға қыз-жігіттеріміз 1 алтын, 4 күміс, 11 қола медальды жеңіп алды.  Қазақстан құрамасының сапында 60 келіде сынға түскен Аслан Қанатбек Әлем чемпионы атанды. Бұл жас спортшының халықаралық ...

  • Еркін күрестен есту қабілеті төмен спортшылар арасында ҚР Кубогы аяқталды 06/03/2018

    Атырау қаласында еркін күрестен есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды.  Төмендегі спортшылар жарыс жеңімпаздары атанды.  55 келі: Әділ Тілектес (ОҚО) 57 келі: Нұрсұлтан Дүйсембаев (Жамбыл облысы) 60 келі: Амантай Төребек (ОҚО) 61 келі: Шалдияр Пернеш (ОҚО) 63 келі: Абылайхан...

  • Талғарда ел құрамасын жарысқа шығарып салуға орай салтанатты шара өтті 28/02/2018

    Бүгін Талғар қаласындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде Паралимпиада құрамасының атлеттерін PyeongChang2018 ойындарына шығарып салуға орай салтанатты шара өтті.  Қазақстандық спортшылар екі түрлі: биатлон және шаңғы жарысына қатысады. Паралимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда 2018 жылдың 9-18 наурыз аралығында өтеді. Ел құр...