24.04.2024 | 19:10

Негізгі құрам Бакудағы Әлем Кубогына аттанды

1-12 мамыр аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуда өтетін нысана көздеуден Әлем Кубогы кезеңінде бақ сынайтын Ұлттық құрама мергендері анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Команда құрамы: Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин, Матвей Тимофеев, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле, Анастасия Григорьева, София Шульженко, Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова, Анастасия Глущенко, Кристина Устинова, Руслан Юнусметов, Никита Чирюкин, Артемий Кабаков, Кирилл Цуканов.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасында 5 лицензия бар. Оларды Ислам Сатпаев, Александра Ле, Арина Алтухова, Константин Малиновский мен Никита Чирюкин жеңіп алған.

Жуырда Рио-де-Жанейродағы кезеңге қатысқан спортшылар тікелей Бакуға аттанған. Қазір олар арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес