30.10.2023 | 20:29
Бөлісу:
Ұлттық құрама құрлық чемпионатында 2 медаль жеңіп алды
Үндістанның Керала қаласында өткен маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың алғашқы күні кросс-кантри эстафетада Алмас Сағындықов, Денис Сергиенко, Егор Карасев, Алексей Фефелов, Алина Саркулова қола жүлдеге қол жеткізді. Мұнда мәре сызығын бірінші болып Қытай кессе, ізін ала Жапония жетті. Барлығы 9 құрама сынға түсті.
Ал кросс-кантри (олимпик) санатында 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында Егор Карасев чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші - 1:21:27.650 секунд (3,5 шақырымнан 6 айналым). Отандасымыз Қытай және Жапония құрамасының спортшысына дес бермеді.
Осы жарыста тағы бір Ұлттық құрама өкілі Алтынбек Аханов 11-ші, Алексей Фефелов 15-ші сатыға тұрақтады. Ал жастар арасында бұл бағдарламада Алмас Сағындықов 4-орыннан көрінді.
Айта кетейік, бұл ересектер арасындағы 28-ші, ал жастар арасындағы 14-ші сары құрлық чемпионаты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАКСИМ ХОРОШАВИН АЗИЯ КУБОГЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
АНДРЕЙ ЧУГАЙ ЖҰБАНЫШ КЕЗЕҢІНДЕ СЫНҒА ТҮСЕДІ
АНДРЕЙ ЧУГАЙ ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ