05.05.2024 | 20:10
Бөлісу:
Виктор Друзин Әлем кубогында тағы жүлде алды
Бүгін су спорты түрлерінен Парижде (Франция) өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде көркем жүзуден 17 жастағы Ұлттық құрама спортшысы Виктор Друзин күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол жекелей сынның еркін жаттығуында финалға шығып, 163.7189 ұпай жинады. Мұнда қазақстандық спортшыдан көп тек әлем чемпионы Густаво Санчес (Колумбия, 204.0210 ұпай) көп ұпай алды. Үздік үшікті АҚШ өкілі Кеннез Гаудет (Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) түйіндеді.
Отандасымыз 1 ай бұрын Қытайдағы Әлем кубогында дәл осы сайыста қола жүлде алған.
Бұдан бөлек, кеше топтық сайыста Ұлттық құрама еркін бағдарламада қола жүлдеге ие болды (253.633 балл). Команда сапында Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы болды.
Мұнда Жапония құрамасы алтын (323.3207 ұпай), Канада күміс (297.5853 балл) жүлдегер атанды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЭДУАРД КИМ МЕН НАРГИЗА БОЛАТОВА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Эдуард Ким – Әлем Кубогының жеңімпазы
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогында топ жарды
Қазақстан құрамасы Әлем Кубогында топ жарды