16.09.2024 | 15:12

45-ШІ ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: 5-ТУРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші Олимпиада жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бесінші турда жерлестеріміз Үндістан мен Румыния командаларымен шеберлік байқасты.

Алтынға үмітті Үндістанға қарсы ойында блиц түрлері бойынша 2 дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ғана жеңіске жеңіске жетіп, Ксения Балабаева тең түсті. Өкінішке қарай, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман қарсыластарына есе жіберді.

Ерлер бәсекесінде Дениса Махнев, Рамазана Жалмаханов және 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек қарсыластарымен тең тарқасса, Алдияр Аңсат жеңілістің ащы дәмін тартты.

Бес турдың қорытындысы бойынша, командамыздың еншісінде 8 ұпай бар. 183 мемлекет қатысып жатқан бәсекеде отандастарымыз 12-орында келе жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес