20.09.2024 | 07:53
Бөлісу:
ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: БІЗДІҢ КОМАНДА ЧЕМПИОНДЫҚТАН ҮМІТТІ
Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші Олимпиада жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер сайысында қыздарымыз 8-турда турнир кестесінде шамалас тұрған Франциядан (2355, № 13) 2,5-1,5 есебімен мықтылығын көрсетті. Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Әмина Қайырбекова тең ойнады. Тек Меруерт Камалиденова жеңіліссіз келе жатқан Миллиет Софиеге шамасы жетпеді. Алдағы 9-турда командамыз басты фавориттің бірі Польшамен жолығады.
Әйелдер сайысындағы кесте (169 ел):
1️. Польша – 14 ұпай
2️. Үндістан – 14 ұпай
3️. Қазақстан – 14 ұпай
4️. АҚШ – 13 ұпай
5️. Армения – 13 ұпай
Ал ерлер арасында біздің шахматшылар Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ