07.11.2022 | invalid

Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша Әлем Кубогында тұғыр биігіне көтерілді

Бүгін шорт-тректен Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) Әлем Кубогының 2-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Соңғы жарыс күні Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанса, Әділ Ғалиахметов мың метрге жарыста мәреге 3-болып келді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Юта штатында жеңіп алған медаль санын үшеуге жеткізді. Кеше Абзал Ажғалиев 500 метрлік жарыста күміс медаль алғанын айта кетейік.

Бұл Денистің Әлем Кубогы кезеңдеріндегі 3-күміс медалі. Ал Әділ осымен 2-рет тұғыр биігіне көтерілді. Қазақстандық былтыр Бейжіңде өткен кезеңде 1500 метр қашықтықта мәреге 2-болып жеткен.

Әлем Кубогының келесі кезеңдері:

3-кезең – Алматы (Қазақстан), 9-11 желтоқсан;

4-кезең – Алматы (Қазақстан), 16-18 желтоқсан;

5-кезең – Дрезден (Германия), 3-5 ақпан;

6-кезең – Дордрехт (Нидерланд), 10-12 ақпан;

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес