23.03.2025 | 23:04

АФРОДИТА КУБОГЫ: ЭРИКА ЖАЙЛАУОВА МЕН МИЛАНА ПАРФИЛОВА АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Көркем гимнастикадан Грекияда ұйымдастырылған дәстүрлі X «Афродита кубогы» халықаралық турнирі біздің команда үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құраманың талантты спортшылары Эрика Жайлауова (лента) мен Милана Парфилова (шығыршық) чемпион атанса, Айым Мейіржанова лента жаттығуында күміс жүлдеге ие болды. Топтық  бәсекеде Ұлттық құрама ешкім тең келмеді.

Лента:

1.Эрика Жайлауова - 26.550 ұпай

2.Айым Мейіржанова - 25.700

3.Яница Диниева - 25.200

Шығыршық:

1.Милана Парфилова - 26.650 ұпай

2. Анит Вахер - 26.600

3. Алис Таглиетти - 26.150

Доп:

1.Алис Таглиетти - 27.400 ұпай

2  Эрика Жайлауова - 26.700

3. Изабель Тавано - 25.400

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес