13.10.2024 | 17:19

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУ: 8 АДАМДЫҚ ЖАРЫСТА ҚОС КҮМІС ҚОРЖЫНДА

Академиялық ескек есуден Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы 4 медаль (2 күміс, 2 қола) алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін, финалдың 2-күнінің нәтижесі:

W8+ әйелдер арасында (сегіздік) 2000 метр күміс жүлде (Команда құрамы: Мария Лебедева, Анастасия Кулинич, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, В. Волкодавова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Мелани Жакупова)

М8+(сегіздік) ерлер арасында 2000 метр - қола жүлде (Дидар Сағымбаев, Владислав Финк, Арслан Сексен, Малик Тойғанбаев, Тимур Фомичев, Евгений Карижский, Ярослав Мельников, Арыстан Айбеков)

LW4x (төрттік) әйелдер арасында 2000 метр - күміс жүлде (Медина Коңырбаева, Ирина Чудина, Мария Чернец, Роза Кеңес)

М4х (төрттік) ерлер арасында 2000 метр - қола медаль - (Бапан Асханбек, Иван Чернухин, Алексей Красновский, Владислав Галкин)

Кеше финалдың алғашқы күні біздің ескек есу шеберлері 4 қолаға иелік еткен. Ертең Азия чемпионатының соңғы күні тағы бірнеше жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес