21.10.2024 | 19:47

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 СПОРТШЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСҚА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында 4 отандасымыз 1/8 кезеңде сүрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бейбіт Қорғанов (97 кг) армениялық Хайк Хлоянға, ал Дін-Мұхамед Қошқар (67 кг) аса тартысты белдесуде Даниал Агаевқа есе жіберді.

Осыған дейін 82 кг дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Альмир Төлебаев іріктеуде қарсыласы Кун Шангтан (Қытай), Мерей Мәулетқанов (72 кг) Қырғызстан өкілі Әділхан Нұрланбековтен жеңілді.

Десе де барлық спортшымыздың әлі жүлдеге таласатын мүмкіндігі бар. Ол үшін қарсыластар финалға шығуы керек.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес