28.10.2023 | 13:41

Алматыда стенд атудан Азия Кубогі өтеді

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеуден XV Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Онда нысана көздеуден Азия конфедерациясы атқару комитетінің отырысы өтіп, бірқатар жайт талқыланды. Жиын нәтижесінде 2024 жылғы 20-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласы Азия Кубогін қабылдайтын болды.

Кейінгі жылдары Қазақстан спорттың осы түрінен бірқатар халықаралық жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Соның бірі биыл Алматы қаласындағы рейтингтік Әлем Кубогі. Сол жарысқа 42 мемлекеттен 500-ге жуық мерген жиналған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес