06.08.2024 | 18:04

ӘМІР МАЙМҰРАТОВ ОЛИМПИАДА ШИРЕК ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Құзға өрмелеуден Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасының іріктеуінен сүрінбей өтіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осы тұста отандасымыз 4,89 секунд көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартқанын айта кетейік. Алайда Сэм Уотсон (АҚШ) Әмірден жылдам болып, әлем және Олимпиада рекордын жақсарта түсті. Ендігі жаңа рекорд - 4,75 секунд.

Екінші орында Федрик Леонардо (Филиппин) тұр (4,79). Ал отандасымыз 3-орынмен ширек финалға шықты.

Айта кетейік, Әмір – осы бағдарламада Олимпиадаға қатысатын Қазақстанның жалғыз спортшысы. Ол әлем чемпионатында 27-ші, Ханчжоудағы Азия ойындарында 7-орынға ие болған.

Париж Олимпиадасының ширек финалы 8 тамызда өтеді.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес