21.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Әмір Маймұратов Әлем Кубогінде 6-орын алды
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында құзға өрмелеуден Әлем Кубогі өтіп жатыр. Енді 30-дан аса елдің спортшысы 22 мамырға дейін жылдамдық және боулдеринг санатында сынға түседі.
Бұл бәсекеге Қазақстан құрамасы атынан Әмір Маймұратов қатысты. Ол кеше жылдамдыққа жарыстың іріктеуінде 3-орын алып, финалға шыққан. Ал бүгін ақтық сында өнер көрсетіп, 6-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 20-22 мамыр аралығында Солт-Лейк-Ситиде Әлем Кубогі 1-кезеңі өтеді. Ал 24-25 мамырға пара құзға өрмелеу (2-кезең), 27-29 мамырға (3-кезең) жылдамдық пен боулдеринг бәсекесі жоспарланған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: