22.10.2022 | invalid

Әмір Закиров пен Владимир Кальмиус іріктеуде сүрінді

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан брейкингтен Әлем чемпионатына 50 елден 360-қа жуық биші жиналды. Бұл қатарда 8 қазақстандық бар.

Кешегі іріктеуде олардың төртеуі үздік 64 спортшының арасына қосылған. Алайда бүгін таңдаулы 32 би-бойдың қатарына кірген Әмір Закиров пен Владимир Кальмиус қарсыластарына жол берді.

Қалған іріктеулер мен финал бүгін өтеді. Былтырғы әлем чемпионатында Виктор (АҚШ) мен Аюми (Жапония) жеңіске жеткен. Париж Олимпидасына жолдамалар келесі жылғы бәсекеде сарапқа салынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес