04.02.2023 | 15:01
Бөлісу:
Арина Алтухова Әлем Кубогының финалында Олимпиада чемпионын жеңді. Ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық спортшы Арина Алтухова Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Отандасымыз 50 метрден кіші калиберлі мылтықпен нысана көздеудің финалында Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Нина Кристенді жеңді.
19 жастағы алматылық спортшы, алдымен әлемнің үздік 8 мергені арасынан финалға шығып, бас жүлденің тағдыры шешілген бәсекеде 28 жастағы тәжірибелі швейцариялық қарсыласының алдын орап кетті. Отандасымыз 16 ұпайды бірінші болып жинады.
«Финалға моральдық және психологиялық тұрғыдан дайын болып шықтым. Мен үшін бұл алғашқы финал емес, тәжірибем бар. Сонымен қатар, Олимпиада чемпионымен бәсекеге түскенім, маған қосымша күш-жігер берді. Жеңісімді анама арнаймын. Ол маған әрқашан демеу беріп, чемпион болатыныма сенімді болды. Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысым шексіз» - деді Арина Алтухова спортты дамыту Дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Жастар арасында өнер көрсететін Арина Алтухова үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы үлкен жетістік. Кейінгі жылдары буын алмасу кезеңі өтіп жатқан отандық оқ ату спорты үшін Аринаның жеңісі – тамаша нәтиже.
Осыдан кейін Қазақстан ерлер құрамасы командалық сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді. Ел намысын Ислам Сәтпаев, Матвей Тимофеев пен Константин Малинковский қорғады. Жалпы нысана көздеуден Әлем Кубогы 8 ақпанда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ