21.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Артистік жүзу: Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті
Грекия астанасы Афиныда артистік жүзуден Әлем Кубогының Суперфиналы өтіп жатыр. Пандемияға байланысты 2 жылға созылған үзілістен кейін 3 құрлықтағы 23 елдің 137 спортшысы Олимпиада отанына жиналды. Олар 22 мамырға дейін 310 мың АҚШ долларын сарапқа салады. Аталған қаржы әйелдер және ерлердің жекелей сынында, дуэтте (әйелдер), аралас дуэтте пен командалық бәсекеде топ жарған атлеттерге үлестіріледі. Осыған кейінгі 3 кезеңнің жеңімпаздары 257 мың долларды бөліскен-ді.
Суперфиналдың алғашқы күні, яғни техникалық жаттығу бағдарламасында Қазақстан құрамасы 2 жүлдеге қол жеткізді.
Жекелей сында Эдуард Ким 2019 жылғы Евровидения жеңімпазы Дункан Лоуренстің Arcade әніне өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Биыл алғаш рет ел намысын осындай үлкен жарыста қорғап жатқан Эдуардтың «Махаббат тарихы» деп аталатын бағдарламасына төрешілер 74,8478 балл берді.
Ал командалық сында Қазақстан құрамасы Олена Уутайдың «Табиғат үні» музыкасын таңдап, бар шеберлігін көрсете алды. Нәтижесінде АҚШ пен Израильден кейінгі 3-орынға тұрақтады.
Суперфиналдың 2-күні жекелей сында ерлер мен әйелдер және командалар еркін бағдарламада, қыздар жұбы мен аралас жұптар техникалық бағдарламада өнер көрсетеді.
Қатысып жатқан елдер: Аустрия, Болгария, Чехия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Мажарстан, Израиль, Италия, Қазақстан, Лихтенштейн, Нидерланд, Сан-Марино, Сербия, Словакия, Испания, Швеция, Швейцария, Пуэрто-Рико, АҚШ, Өзбекстан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЭДУАРД КИМ МЕН НАРГИЗА БОЛАТОВА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Эдуард Ким – Әлем Кубогының жеңімпазы
Виктор Друзин Әлем кубогында тағы жүлде алды
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогында топ жарды