07.10.2024 | 09:06

АСАН САЛИМОВ ПЕН ДАРЬЯ ЯСИНСКАЯ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Мажарстанның Сомбатхей қаласында аяқталған спорттық гимнастикадан Әлем Кубогында Ұлттық құрама 2 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Финалдың алғашқы күні тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская жаттығуын тамаша орындап, топ жарды. Ұпай саны – 13.166. Бұл 20 жастағы Дарьяның Әлем Кубогындағы алғашқы жүлдесі.

Осыдан кейін тіреніп секіруден ерлер арасындағы сында Асан Салимов қарсыластарынан үздік шықты. Оның ұпайы – 14.300.

Ал тұтқалы ат снарядында финалға шыққан Азиз Ильясов 4-орынға, керме жаттығуында Диас Тойшыбек 5-сатыға тұрақтады.

Осымен 2024 жылға жоспарланған Challenge Cup series жарыстары аяқталды. Биыл Әлем Кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхей қаласында өтті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес