06.10.2023 | 15:17

Әсел Қанай Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді

Әсел Қанай Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әсел қола медаль үшін жекпе-жекте ирандық татами шебері Атоуса Голшаднежадтан басым түсті. Қазақ каратэшісіне жеңіске жету үшін бір ғана ұпай жеткілікті болды.

Ұлттық құрама спортшысы іріктеуде Аднан Закияны (Малайзия), одан кейін Кристин Лиді (Филиппин), жартылай финалда Нгоан Тхи Нгуеннен айқасын асырды. Әсел былтыр Азия чемпионатында жекелей және командалық сында топ жарған. 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес