23.05.2023 | 15:59

Әсем Орынбай Әлем Кубогында топ жарды

Әсем Орынбай стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Отандасымыз скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ.

Финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхон мен Әсем 50 ұпайдан финап тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет қана нысанаға дәл тигізе алды. Қола медаль тағы бір үндістандық Даршна Ратхордың еншісінде.

Бүгінгі жарысты мына жерден тікелей эфирде көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес