28.09.2023 | 12:37
Бөлісу:
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко – Азия ойындарының чемпионы
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшылары аралас жұптық сынның финалында кувейттік мергендер – Эман Әлшамаа мен Абдулла Әл-Рашидиден басым түсті. Финал 40-35 есебімен аяқталды.
Қатар құрамасы Бахрейннен басым түсіп, қола медаль алды. Екінші қола Қытай спортшыларына бұйырды.
Сәл ертеректе Әсем мен Эдуард іріктеуде 148 ұпай жинап, 2-орынмен ақтық сынға жолдама алған. Әсем үшін бұл Азия ойындарындағы 3-жүлде. Ол жекелей сында қола, командамен алтын медальді мойнына тақты.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко осыған дейінгі бірқатар халықаралық бәсекеде бірге сәтті өнер көрсетіп, елімізге тарихи жүлде сыйлап үлгерді. Атап айтар болсақ, биыл мамырда Алматыда өткен рейтингтік Әлем Кубогында олар күміс жүлдегер атанды. Сосын, жазда Италиядағы Әлем Кубогында аралас жұптар арасында 3-орын алған.
Ал былтыр қазан айында Хорватияның Осиек қаласындағы әлем чемпионатында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасында қола жүлдеге қол жеткізген. Бұл Қазақстан үшін осы спорт түріндегі алғашқы медалі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ