16.06.2023 | 22:20
Бөлісу:
Астанада қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты басталды
Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасындағы VII әлем чемпионаты басталды.
Чемпионаттың 1-күні Қазақстан құрамасы 13 алтын медаль жеңіп алды. Ал Өзбекстан құрамасынан 3 чемпион шықса, тағы бір бас жүлде ресейлік спортшыға бұйырды.
Жалпы 19 маусымға дейін 32 елден келген 300-ден астам спортшы екі бағдарламада бақ сынайды. Екі спортшы арасындағы жекпе-жек түрінде барлығы ерлер 8, ал әйелдер 6 және 2 абсолютті салмақта күш сынасады. Бұдан бөлек өзін-өзі қорғау бағдарламасында ерлер 11, әйелдер 8 салмақта кім мықтыны анықтайды. Жарыс қожайыны ретінде ең көп спортшыны (65 адам) Қазақстан құрамасы қосты.
Жалпы қоян-қолтық ұрыс бірнеше күш қолданатын спорт түрінің қосындысынан шыққан. Жекпе-жек түрінде екі спортшы бір-бірімен күш сынасса, өзін-өзі қорғауда жекелей және жұптық сында шабуылдан қалай қорғану керегі көрсетіледі. Мұнда әр жаттығуда 5 қорғаныс әдісінен топтастырылған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚазақстан құрамасы әлем чемпионатында 1-орын алды
Қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті