30.04.2023 | 21:07

Астанада шахматтан әлемнің 17-чемпионы белгілі болды

Бүгін Астана қаласында классикалық шахматтан әлемнің 17-чемпионы анықталды. Санаулы сəттер бұрын қытайлық Динь Лижэнь қарсыласы Ян Непомнящийді тай-брейкте ұтты.

Осыған дейін екі гроссмейстер жоспарланған 14 ойыннан кейін тең түскен (7,5-7,5). Енді қытайлық шахматшы 2 миллион еуроның 60%-ын алса, 2-орын алған Ян Непомнящий қалған қаржыға ие болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес