16.11.2024 | 19:36
Бөлісу:
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ: ТӨРТІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ересектер арасында жекелей және командалық сында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында кезекті жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, ел чемпионатына 17 облыстан 212 зілтемірші (136 ерлер, 76 әйелдер) қатысуда.
Төртінші күннің нәтижесі:
Ерлер (73 келі)
1. Петр Хребтов (Алматы) - 317 келі (140+177)
2. Бексұлтан Айтюай (Қызылорда облысы) – 293 келі (125+168)
3. Ерасыл Ыбырай (Жетісу облысы) – 255 келі (110+145)
Әйелдер (71 келі)
1. Арай Нұрлыбекова (Алматы) - 214 келі (94+120)
2. Айғаным Жанболат (Алматы облысы) – 195 келі (90+105)
3. Аружан Ерімбет (Шымкент) – 174 келі (80+94)
Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Бахрейнде алда өтетін әлем чемпионатындағы міндеттер туралы айтып берді.
«Талдықорғандағы біріншілікке қатысушылардың арасында желтоқсан айында Бахрейндегі ересектер арасындағы әлем чемпионатына баратын бірнеше спортшы бар. Ерлер мен әйелдер командасының негізгі құрамы қазір Алматы облысындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінде дайындықтарын пысықтауда. Сондай-ақ олар 23 қарашада Бахрейнге кезекті оқу-жаттығу жиынына аттанады. Онда біз әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалатын боламыз. Ерлер құрамасында 10 спортшы өнер көрсетеді. Алдын ала болжам бойынша 5 спортшымыз жүлде алады деп ойлаймын. Жарысқа биік мақсат, жоспарлармен барамыз», - деді ҚР ерлер құрамасының бас бапкері.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды