31.03.2024 | 20:54
Бөлісу:
Айбота Ертайқызы Франциядағы Гран-приде 3 медаль алды
Францияның Тье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде Айбота Ертайқызы 3 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы шығыршықпен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанды (32,7 балл). Осыдан кейін доп жаттығуында 32,4 ұпай жинап, қола медаль иеленді. Ал лентамен өнер көрсетуде 31,4 ұпайдың арқасында 2-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, Айбота кеше көпсайыстан іріктеу кезінде 123.800 балл жинап, барлық жаттығуда жүлдеге таласуға мүмкіндік алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ
ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ҮШІН ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ