13.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Белбеу күресінен Әлем чемпионатының ашылуы өтті
Бүгін Астанада «Аспан» спорт кешенінде жастар арасында белбеу күресінен Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды kazsports.kz.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, республикалық Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Халықаралық белбеу күресі федерациясының (IBWA) президенті Рафик Валиев, Спортты дамыту дирекциясы олимпиадалық емес спорт түрлері басқармасының жетекшісі Ғазиз Серікбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, 15 қазанға дейін 2002-2004 жылы туған 16 елдің 200-ге жуық спортшысы өзара кім мықтыны анықтайды. Атап айтсақ, чемпионатқа мына елдер спортшы жіберді: Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Румыния, Молдавия, Әзірбайжан, Қытай, Пәкістан, Үністан, Литва, Латвия, Польша, Түркменстан, Қырғыз Республикасы.
Қазақстан Ұлттық құрамасы қатарында 28 спортшы (16 ұл, 12 қыз) сынға түсіп жатыр.
Ерлер: Бекзат Алдаберген (57 кг), Ерболат Егізбайұлы (57 кг), Мерей Әбдікешов (62 кг), Шерхан Еркінов (62 кг), Бейбарыс Тұрғанбекұлы (68 кг), Мейіржан Қоқантаев (68 кг), Айберген Маукенбай (75 кг), Диас Апбазов (75 кг), Алдияр Айтмұханбет (82 кг), Өрісбай Орманқұл (82 кг), Мейіржан Амантай (90 кг), Бекнұр Қуандық (90 кг), Заңғар Жаңабек (100 кг), Рамазан Сайлаубек (100 кг), Мақсат Жакенов (+100 кг), Асланбек Мұғауия (+100 кг)
Қыздар: Ақниет Жәнәбіл (48 кг), Аружан Болат (48 кг), Назерке Әбілтаева (52 кг), Айгерім Кеңесова (52 кг), Наргиз Войсова (58 кг), Назиғат Сағидулла (58 кг), Ғажайып Нұртай (66 кг), Маржан Қаналиева (66 кг), Нұрбану Убайдулла (76 кг), Дина Бодан (76 кг), Лаура Дустаева (+76 кг), Гауһар Омар (+76 кг).
Бәсекенің бас төрешісі – Максуджан Ашуров (Тәжікстан). Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 14 қазан, сағат 15:00-де өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астана 2012-2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында Әлем чемпионатын қабылдаған. Сондай-ақ 2006 жылы Алматы елімізде алғаш болып аталған бәсекені өткізген.
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБекәділ Шаймерденов Азиаданың күміс жүлдегері атанды