14.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы белбеу күресінен Әлем чемпионатында 4 алтын алды
Бүгін Астанада «Аспан» спорт кешенінде жастар арасында белбеу күресінен Әлем чемпионаты аяқталды.
Үш күнге созылған бәсекеде 2002-2004 жылы туған 16 елдің 200-ге жуық спортшысы бозкілемде жеңімпазды анықтады. Жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен Өзбекстан құрамасы топ жарса, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізіп 2-орын алды. Атап айтсақ:
Алтын – Назерке Әбілтаева (52 кг), Наргиз Войсова (58 кг), Маржан Қаналиева (66 кг), Лаура Дустаева (+76 кг).
Күміс – Ақниет Жәнәбіл (48 кг), Ғажайып Нұртай (66 кг), Нұрбану Убайдулла (76 кг), Ерболат Егізбайұлы (57 кг), Мерей Әбдікешов (62 кг), Айберген Маукенбай (75 кг), Бекнұр Қуандық (90 кг).
Қола – Аружан Болат (48 кг), Айгерім Кеңесова (52 кг), Назиғат Сағидулла (58 кг), Дина Бодан (76 кг), Гауһар Омар (+76 кг), Бейбарыс Тұрғанбекұлы (68 кг), Алдияр Айтмұханбет (82 кг), Мақсат Жакенов (+100 кг).
Барлығы Ұлттық құрама намысын бозкілемде 28 спортшы (16 ұл, 12 қыз) қорғады.
Үш чемпионы бар Ресей үздік үштікті түйіндеді. Бұдан бөлек, Моңғолия мен Қырғызстан жастары бір-бір алтыннан жеңіп алды.
Биылғы чемпионатқа мына елдер спортшы алып келді: Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Румыния, Молдова, Әзірбайжан, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Литва, Латвия, Польша, Түркменстан, Қырғыз Республикасы. Бәсекенің бас төрешісі – Максуджан Ашуров (Тәжікстан).
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астана 2012-2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында Әлем чемпионатын қабылдаған. Сондай-ақ 2006 жылы Алматы елімізде алғаш болып аталған бәсекені өткізген.
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБекәділ Шаймерденов Азиаданың күміс жүлдегері атанды