23.10.2024 | 10:29
Бөлісу:
БЕЙБІТ ҚОРҒАНОВ: «БАРЫМДЫ САЛДЫМ. БІРАҚ ҚАРСЫЛАСҚА ШАМАМ ЖЕТПЕДІ»
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Бейбіт Қорғанов (97 кг) Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Германиялық спортшы Антон Эрих Виевег отандасымыздан мықты екенін көрсетіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. Спортшымыз жарыстан кейін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында былай деп айтты:
«Кешегі күн мен үшін сәтсіз өтті. Бүгін жұбаныш белдесуінде барынша тырыстым. Медаль алсам деген оймен жүрдім. Қарсыласым менен бірнеше жас үлкен. Төрттағанда күшім жетпей қалды. Бұл менің 23 жасқа дейінгі санаттағы алғашқы әлем чемпионатым. Қазір жасым 19-да. Келесі жолы тағы қатысып, жүлде алуға барымды саламын»,-деді Бейбіт Қорғанов.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: