29.12.2023 | 21:49
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова 6 ұпайдан жинап, жүлдеге таласқа қосылды
Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін әйелдер блиц шахматтан 9 тур ойнады. Қазіргі әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 6 ұпай жинап (5 жеңіс, 2 тең ойын), бас жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Көш басындағы Валентина Гунинаның қазақ шахматшысынан 2,5 ұпайы көп. Ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы Меруерт Камалиденованың еншісінде 6 ұпай бар (5 жеңіс, 2 тең ойын). Бір қызығы, екі гроссмейстер ертең 10-турда шеберлік байқасады. Осыдан кейін 5,5 ұпай жинаған Алуа Нұрманова тұр.
Ксения Балабаева – 4 ұпай
Әмина Қайырбекова – 4 ұпай
Назерке Нұрғали – 4 ұпай
Зарина Нұрғалиева – 4 ұпай
Әсел Серікбай – 3,5 ұпай
Лия Құрманғалиев – 3,5 ұпай
Елназ Калиахмет – 3 ұпай
Айару Алтынбек – 2 ұпай
Барлық нәтиже мына жерде.
Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары. Оның 700 мыңы ерлер арасындағы ашық бәсекеде, қалған 300 мыңы әйелдер арасындағы турнирдің жүлдегерлері алады.
Әлем чемпионаты жайлы барлық ақпаратты FIDE мен Спортты дамыту дирекциясының сайтынан біле ала аласыздар.
Халықаралық шахмат федерациясының YouTube арнасында тікелей эфирде ойындарды ағылшын тілінде әлем чемпионы Вишванатан Ананд пен шахмат журналисі Анастасия Карлович жүргізіп жатыр.
Рапид пен блицтен былтырғы әлем чемпионаты тура осы уақытта Алматы қаласында өткен. Блицтен шешуші ойын күні Бибісара Асаубаева 17 турда 13 ұпай жинап, алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасында Магнус Карлсен қарсылас шақ келтірмеген.
Суреттердің авторы - Шамкен Байырбек.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ