12.08.2024 | 17:38
Бөлісу:
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ТБИЛИСИДЕГІ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАДЫ
FIDE-нің (Халықаралық шахмат федерациясы) әйелдер арасында шахматты дамытуға бағытталған ауқымды жарысы биыл Грузия астанасы Тбилисиден бастау алады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-Придің барлық кезеңінде Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева сынға түседі. Ал Тбилисидегі бірінші кезеңде отандасымызбен бірге мына шахматшылар жүлдеге таласады:
Анна Музычук, Мария Музычук (Украина), Нана Дзагнидзе (Грузия), Сарасадат Хадемальшарьех (Иран), Александра Костенюк (FIDE), Рамешбабу Вайшали (Үндістан), Алина Кашлинска (Польша), Лела Джавахишвили (Грузия), Ставрула Цолакиду (Грекия);
Жарыс қожайыны ретінде Грузия екі гроссмейстер қоса алады. Турнир айналмалы жүйе бойынша (9 тур) 14-25 тамыз аралығында Biltmore Tbilisi қонақүйінде өтеді.
Алғашқы 40 жүріске 90 минут беріледі. Ал ойынның қалған бөлігіне 30 минут (алғашқы жүрістен кейін әр жүріске 30 секундтан беріледі) қарастырылады.
Айта кетейік, Гран-приде биылдан бастап жалпы қатысушылар саны 16-дан 20-ға жетті. Сонымен қатар маусымдағы турнир саны төртеуден алтауға, Гран-придің жалпы жүлде қоры да көбейді.
Жарыстың регламенті мына жерде.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА 2 ОЛИМПИАДАДА ЕРЕКШЕ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ҚАЛАЙ ӨНЕР КӨРСЕТТІ?
ТАРИХИ НӘТИЖЕ! ШАХМАТШЫЛАР ОЛИМПИАДАДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮЛДЕ АЛДЫ