20.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Біздің каратэшілер Азия чемпионатында 2-орын алды
Бүгін Ташкент қаласында WKF каратэден Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлық бәсекесінің соңғы күні ересектер жекелей және командалық сында жүлдеге таласты.
Қазақстандықтардан жекелей жекпе-жекте финалға шыққан Әсел Қанай (-61 кг) ғана жеңіске жетті. Ал Низамиддин Халматов (55 кг), Софья Берульцева (+68 кг), Нұрнияз Елдашов (+84 кг) күміс жүлдегер атанды. Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Дидар Әмирәлі (67 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Командалық сайыста еліміздің әйелдер құрамасы чемпион атанды. Мұнда ел намысын Софья Берульцева, Әсел Қанай, Лаура Әліқұл мен Бэлла Самашева қорғады.
Ақтық сынға дейін сүрінбеген Қазақстан ерлер құрамасы шешуші айқаста қарсыласына жол беріп, күміске ие болды. Құрамы: Игорь Чихмарев, Нұрқанат Әжіқанов, Бейбарыс Жаңбыр, Диас Ұлбек, Никита Тарнакин, Дидар Әмірәлі, Нұрнияз Елдашов.
Қазақстан құрамасы жастар, кадеттер мен ересектердің нәтижесін қосқанда 10 алтын, 7 күміс және 9 қола медальмен жалпы есепте 2-орын алды. Жапония каратэшілері (18 алтын, 9 күміс, 9 қола) көш бастаса, үздік үштікті Иран қорытындылады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: