15.05.2024 | 17:58
Бөлісу:
Брейкинг пен құзға өрмелеу шеберлері Шанхайда жолдамаға таласады
16-19 мамыр аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында брейкинг пен құзға өрмелеуден әлемдік лицензиялық жарыс өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл сында брейкингтен Ұлттық құрама көшбасшысы Амир Закиров фавориттер қатарында. Ал құзға өрмелеуден жанкүйерлер Ришат Хайбуллин, Әмір Маймуратов пен Тамара Олжабаеваның жолына үмітпен қарайды.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінде лицензия спортшының жеке өзіне беріледі. Әр Ұлттық федерация Париждегі ойындарға 2 ер, 2 әйел апара алады. Қазір тек 13 мемлекеттің спортшылары квотаға қол жеткізген. Шанхайда жолдама ала алмаған атлеттер бір айдан соң Мажарстан астанасында соңғы рет бақ сынайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: