03.07.2023 | 16:24

Будапештегі рейтингтік турнирге қатысатын балуандар анықталды

13-17 шілде аралығында Мажарстан астанасы Будапеште 2023 жылы күрес маусымындағы шешуші, IV рейтингтік турнир өтеді. Олимпиада чемпионы Имре Пойяк пен Янош Варганы еске алуға арналған байрақты бәсеке Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңі саналады. Бұл сында ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі мынадай:

Еркін күрес – Мейрамбек Қартбай, Абзал Окенов, Мұхамед Балғабай (бәрі 57 кг), Өсімжан Дастанбек, Асылжан Есенкелді, Владимир Кудрин (бәрі 61 келі), Санжар Мұхтар, Акбар Курбанов, Адлан Асқаров (бәрі 65 келі), Егор Анчугин, Сарбаз Талғат, Санжар Досжанов (бәрі 70 келі), Нұрлан Бекжанов, Нұрқожа Қайпанов, Дархан Есенғали (бәрі 74 келі), Данияр Қайсанов, Нұрдәулет Қуанышбай, Болат Сақаев (79 келі), Есқали Дәулетқазы, Исламбек Ильясов, Нұржан Исағалиев (86 келі), Акежан Айтбеков, Ризабек Айтмұқан (92 келі), Нұрсұлтан Азов, Әлішер Ерғали, Бекзат Үркімбай (98 келі), Юсуп Батырмурзаев (125 келі)

Әйелдер күресі – Марина Седнева (55 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі);

Грек-рим күресі – Аманғали Бекболатов, Марлан Мұқашев, Ерсін Абыйыр (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев, Ернар Фидахметов, Айбек Сабырбеков (60 келі), Дастан Зарлыханов, Мұқамедәли Мамырбек, Ержет Жарылқасын (63 келі), Мерей Бекенов, Сұлтан Әсетұлы, Дінмұхамед Қошқар (67 келі), Данияр Қаленов, Ибрагим Магомадов (72 келі), Мақсат Ережепов, Қаһарман Қисметов, Азат Садықов (77 келі), Диас Қален, Шамиль Батыров (82 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов, Евгений Поливадов, Азамат Қыстаубаев (87 келі), Ерұлан Ысқақов, Олжас Сырлыбай (97 келі), Антон Савенко мен Әлімхан Сыздықов (130 келі);

Жалпы биылғы мемориалға 600-ден астам бозкілем шебері жиналады. Барлық белдесуді 13 шілдеден бастап Халықаралық күрес федерациясының (UWW) сайтынан uww.org және қосымшасы арқылы көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес