21.01.2023 | invalid

Данил Васильев пен Сергей Ткаченко күміс жүлдегер атанды

Бүгін АҚШ-та өтіп жатқан қысты Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.

Ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден командалық сайыста Данил Васильев пен Сергей Ткаченко күміс жүлде еншіледі. Бұл бәсекеде Аустрия құрамасы чемпион атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Енді Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орында келе жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес