06.08.2024 | 15:06

ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНДА

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Колумбия спортшысын отандасымыз алып ұрды. Келесі кезеңде Демеу Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен күш сынасады. 

Фото: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес