11.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Денис Никиша – Алматыдағы Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері
Бүгін Денис Никиша 500 метрге жарыста Алматыдағы Әлем Кубогының 3-кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Оңтүстік Кореялық Тхэ Сон Ким алтын алса, отандасы Сон Ву Ян қола жүлдені мойнына тақты.
Бұл Денистің биылғы әлем Кубогы кезеңдеріндегі 2-күміс медалі. Ол қараша айында АҚШ-тағы кезеңде осы 500 метрде 2-нәтиже көрсеткен.
Осы қашықтықтағы тағы бір спортшымыз Абзал Әжғалиев В финалында мәреге 3-ші келді.
Суреттердің авторы - Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: