17.12.2023 | 13:06

Денис Никиша Сеулде қола медаль жеңіп алды

Шорт-тректен Ұлттық құрама спортшысы Денис Никиша Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Денис өзінің оң жамбасына келетін 500 метрге жарыста қола жүлдегер атанды. Алтынды қытайлық спортшы Лю Шаоанг алса, күмісті 31 жастағы (2017 жылғы әлем чемпионы) Оңтүстік Корея өкілі Со И Ра қанжығалады.

Бұл - Қазақстанның биылғы маусымда шорт-тректен Әлем Кубогындағы алғашқы медалі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес