07.10.2023 | 13:15
Бөлісу:
Дидар Әмірәлі Азия ойындарының қола жүлдесіне таласады
WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Дидар Әмірәлі Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының қола медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дидар кумите бағдарламасында 67 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Иордания құрамасының спортшысы Абдель Рахман Алмасатфадан жеңіліп қалды. Есеп: 2-10.
Қазақ каратэшісі бағана алғашқы айқасында Вирак Чрун (Камбоджа), Пань Хуэй Чен (Гонконг), ал ширек финалда Сельвам Кумардан (Малайзия) мықты екенін дәлелдеген.
Айта кетейік, Дидар Әмірәлі Джакартадағы сары құрлық Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Сонымен қатар осы спорттағы ең беделді бәсекенің бірі Премьер-лига турнирлерінде тор жарып, бірнеше мәрте медаль жеңіп алған. Тағы Дидар Азия чемпионатының 5 дүркін жүлдегері.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: