11.05.2024 | 00:31

Дінмұхаммед Қошқар Олимпиада жолдамасын ала алмады

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Дінмұхаммед Қошқар шешуші белдесуде қарсыласына есе беріп, Париж ойындарының лицензиясына иелік ете алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Грек-рим күресінен 67 кг дейінгі салмақта сынға түскен ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мохамед Ибрахим Елсайедтен (Мысыр) таза жеңілді. Есеп: 0-8.

Дінмұхаммед алғашқы жұбаныш белдесуінде ресейлік қарсыласы Аслан Висаитовтан басым түссе, екінші жұбаныш белдесуінде Азия чемпионатының қола жүлдегері қытайлық Лей Лидді (10:0) таза ұтқан.

Енді еркін күрес шеберлері 57, 65, 74 келіде жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, қазір күрес түрлерінен Ұлттық құрамада Олимпиаданың 7 жолдамасы бар. Оның 4-еуін грек-рим күресінің өкілдері иеленсе, 3-еуі — еркін күрес шеберлерінің еншісінде.

Түркияда өтіп жатқан әлемдік турнирде әр салмақтан үздік үштікке енген палуандарға Париж Олимпиадасының жолдамасы табыс етіледі.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес