18.03.2023 | 00:17
Бөлісу:
Эдуард Ким Канададағы Әлем Кубогы кезеңінде 2 медальге қол жеткізді
Канаданың Маркем қаласында артистік жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы Эдуард Ким жекелей сындағы еркін бағдарламада 3-орын алды. Оның еншісінде 149.7541 ұпай.
Кеше отандасымыз жекелей сындағы техникалық бағдарламада танымал SOS d'un Terrien en Détresse туындысына өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанған. Эдуард 154,6125 балл алып, тек жастар арасындағы әлем чемпионы, испаниялық Деннис Гонсалес Бонеуге есе жіберді.
Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 күміс және 1 қола медальмен 5-орында тұр. Көш басында 3 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алған Жапония құрамасы тұр. Мұндағы сынға 23 елден 120-ға тарта спортшы жиналды.
Алдағы уақытта ел намысын Эдуард Кимнен бөлек, Ясмин Тұяқова, Жәния Жиенғазы, Наргиза Болатова мен Арина Пушкина қорғайды. Олар жұптық, аралас жұптық және жекелей сында өнер көрсетеді. Бұл спортшылар былтырғы ел чемпионатының нәтижесінде іріктелген.
Ерлердің еркін бағдарламадағы барлық жаттығуы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЭДУАРД КИМ МЕН НАРГИЗА БОЛАТОВА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Эдуард Ким – Әлем Кубогының жеңімпазы
Виктор Друзин Әлем кубогында тағы жүлде алды
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогында топ жарды