18.05.2023 | 10:39

Елена Рыбакина тағы да Ига Швентектен басым түсті

Бүгін теннисші Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы бəсекенің жартылай финалына шықты. Ұлттық құрама көшбасшысы алдыңғы кезеңде əлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті ұтты. Польшалық теннисші 2 жыл қатарынан осы турнирде жеңімпаз атанған, сол аралықта қарсыластарына бір сетте де жол бермегенін айта кетейік. Қазақ спортшысы Ига Швентекті осымен 4-рет ұтты. Текетірестегі есеп: 4-1.

Енді отандасымыз ертең латвиялық Елена Остапенкомен финал жолдамасын сарапқа салады. Рыбакина осы матчтың нəтижесіне қарамастан алдағы аптада WTA рейтингінде бір саты жоғарылап, 5-орынға жайғасады. Егер Италияда бас жүлдеге қол жеткізсе, 4-сатыға шығады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес