07.10.2023 | 20:27

Елжана Таниева Азиаданың күміс, Милана Парфилова қола жүлдесін жеңіп алды

Бүгін Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан барлық жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жекелей сында Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева 130.700 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болса, Милана Парфилова (130.050 ұпай) үздік үштікті түйіндеді. Алтынға 19 жастағы Өбекстан гимнасты Тахмина Икромова (131.300 ұпай) ие болды. Бүгін финалға шыққан 23 гимнаст шығыршық, ұршық, доп және лентамен өнер көрсетті.

Назарларыңызға спорттың осы түрінен Азия ойындарында жекелей сында жүлде алған спортшыларды ұсынамыз:

2002 жыл – 18 жастағы Әлия Юсупова (күміс)

2006 жыл – 22 жастағы Әлия Юсупова (алтын)

2010 жыл – 17 жастағы Анна Алябьева (алтын)

2018 жыл – 16 жастағы Алина Әділханова (алтын)

2023 жыл – Елжана Таниева (күміс), Милана Парфилова (қола).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес