02.05.2024 | 17:15
Бөлісу:
Елжана Таниева мен Айбота Ертайқызы 2 жаттығуда финалға шықты
Ташкент қаласында (Өзбекстан) көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.
Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы сында тағы бір қазақстандық Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді. Екінші орында қытайлық Зилу Ванг (66.70 ұпай) тұр. Ертең жекелей сында ұршық, лента жаттығуларының іріктеу жарысы өтеді.
Айта кетейік, санаулы сәттерден кейін топтық жаттығуда Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 4 мамырда анықталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ
ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ҮШІН ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ