08.05.2023 | 01:05
Бөлісу:
Елжана Таниева мен Айбота Ертайқызы Португалияда қос жүлдеден жеңіп алды
Бүгін Португалияның Портиман қаласында көркем гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Мұнда Ұлттық құрама спортшыларынан жекелей сындағы Елжана Таниева мен Айбота Ертайқызы 2 медальдан жеңіп алды.
Әуелі шығыршықпен өнер көрсетуде Айбота Ертайқызы финалда 30.000 ұпай жинап, қола медальге ие болды. Бұл бағдарламада Дарья Варфоломеева (Германия) жеңіске жетіп, Эвита Грискенас (АҚШ) күміс жүлде алды. Елжана Таниеваға осы жолы сәл сәттілік жетіспей, 4-сатыға тұрақтап қалды.
Ал осыдан кейінгі доппен өнер көрсетуде Елжана Таниеваға тең келер гимнаст табылған жоқ. Оның жаттығуына төрешілер 32.500 балл берді. Тағы бір қазақстандық Айбота Ертайқызы 31.650 ұпаймен 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Дарья Варфоломеева түйіндеді.
Ұлттық құрама көшбасшысы Елжана лентамен жаттығуда қола медаль иегері атанды (30.300 ұпай). Ұршықпен финалда бақ сынаған Айбота Ертайқызының жүлдеге таласатын мүмкіндігі болған. Алайда отандасымыз қателікке бой алдырып, 8-орыннан ары аса алмады.
Сондай-ақ топтық жаттығудың көпсайысынан Қазақстан құрамасы (3 лента+2 доп) ақтық сайыста өнер көрсетіп, 7-орынға табан тіреді. Ел намысын Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Ақсұңқар Әбдірахман қорғады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ
ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ҮШІН ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ