07.04.2024 | 01:20

Эрика Жайлауова Sofia Cup турнирінде қола медаль жеңіп алды

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан көркем гимнастикадан халықаралық турнирде көпсайыстан жекелей сынның іріктеуі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Көпсайыста Эрика Жайлауова 125.15 ұпай жинап, 3-орын алды. Мұнда болгариялық гимнастар – Боряна Колейн мен Эльвира Краснобаева жақсы нәтиже көрсетті. Тағы бір отандасымыз Айым Мейіржанова 4-сатыдан көрінді (124.25 балл). Бұл бағдарламаның финалы ертең өтеді.

Ұлттық құрама спортшылары келесі жаттығуда жүлдеге таласады:

Милана Парфилова – доп, шығыршық, лента;

Эрика Жайлауова – шығыршық, доп, ұршық;

Айым Мейіржанова – ұршық пен лента:

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес