11.06.2023 | 20:54
Бөлісу:
Ерлер арасындағы жүлдені Қазақстан, Өзбекстан мен Иран шахматшылары бөлісті
Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан Азия чемпионатының шешуші 9-туры аяқталды. Сары құрықтың шахмат королі атағы өзбек гроссмейстері Шамсиддин Вохидовқа (ФИДЕ рейтингі 2583) бұйырды. Ол бәсекеде 7 ұпай жинады. Күміс 6,5 ұпай алған Иран гроссмейстері Бардия Данешварға (ФИДЕ рейтингі 2555) берілсе, қазақстандық шахматшы Әлішер Сүлейменов (ФИДЕ рейтингі 2463) 6,5 ұпай жинап, қолаға қол жеткізді.
Есіңізге сала кетейік, шахматтан Азияның чемпионаты биыл 3 маусымда басталған. Оған 18 елден ең мықты шахматшылар қатысты. Жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары. Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясы, Қазақстан шахмат федерациясы. Турнирдің бас серіктесі – Freedom Holding Corp.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ