12.10.2024 | 21:10

ЕСКЕК ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 МЕДАЛЬ АЛЫП ҮЛГЕРДІ

Өзбекстанның Самарқан қаласында академиялық ескек есуден 13 мемлекеттен 250-ден астам спортшының қатысуымен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін іріктеуден кейін алғашқы финалдар өтті. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 4 қола медаль бар. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз.

Жеңіл салмақтағы жұптық сын (2000 метр) – Әділет Керімбек пен Артём Матусеевич

Төрт адамдық жарыс (2000 метр) – Мәлик Тойғанбаев, Арслан Сексен, Ярослав Мельников, Арыстан Айбеков

Жеңіл салмақтағы төрт адамдық жарыс (2000 метр) – Қуаныш Бекбембетов, Әлішер Mұстақап, Бауыржан Сұлтанов, Тимур Фомичев

Әйелдер арасындағы төрт адамдық жарыс (2000 метр) – Варвара Белоногова, Тамара Первушкина, Анжела Полянина, Мелани Жакупова

Айта кетейік, сары құрлық додасы 14 қазанда аяқталады. Алда әлі 2 күннің финалы бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес