05.10.2023 | 12:41
Бөлісу:
Евгений Федоров Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы атанды
Велошабандоз Евгений Федоров пен Алексей Луценко Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Ұлттық құрама қоржынына алтын және күміс жүлде салды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Топтық жарыста Ұлттық құраманың қос спортшысы суырылып алға шығып, мәреге бірге жетті. Евгений Федоров алғаш рет ойындар чемпионы атанса, Алексей Луценко Ханчжоудағы екінші медаліне қол жеткізді. Екеуі де 210 шақырымды 4:25:29 секундта бағындырды. Қола жүлде моңғолиялық Жамбалцамтс Саибайярдың еншісінде.
Жарыс жолына шыққан тағы бір қазақ велоспортшысы Дмитрий Груздев 5-ші, Глеб Брусенский 18-сатыдан көрінді. Жалпы бүгін сөреден 60-қа жуық спортшы аттанып, оның ішінде 40 велоспортшы мәреге жетті. Қазір Қазақастан қоржынында 6 алтын, 12 күміс пен 35 қола медаль бар.
Айта кетейік, Евгений Федоров пен Алексей Луценко 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында әлем чемпионы атанған. Алексей 2012 жылы, ал Евгений былтыр Аустралияда алтыннан алқа таққан. Бұдан бөлек, 23 жастағы Федоровтың еншісінде 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың және Азия чемпионатының 4 алтыны бар.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Луценко 2014 жылдан бері сары құрлық ойындарында 6 рет сынға түсіп, соның бесеуінде жүлде жеңіп алған.
2014 жылы жекелей сында алтын (42 шақырым) — 50:28.78
2014 жылы топтық жарыста (182 шақырым) мәреге жете алмаған.
2018 жылы жекелей жарыста алтын (40 шақырым) — 55:37.13
2018 жылы топтық жарыста алтын (145,5 шақырым) — 3:25:25
2023 жылы жекелей сында алтын (39,6 шақырым) — 48:05.75
2023 жылы топтық сында күміс (207,7 шақырым) — 4:25:29.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ПЕН ИГОРЬ ЧЖАН ЖЕКЕЛЕЙ СЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ОЛИМПИАДАДА 21-ОРЫН АЛДЫ